"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
Биылғы жылғы күзгі-қысқы аңшылық маусымы, күз айының алғашқы сенбісі яғни, 5 қырқыйек күні ашылды

Жалпы облысымызда бекітілген 25 аң пайдаланушымен 38 аңшылық шаруашылығы бар, оның ішінде 33 аңшылық шаруашылығына лимит бөлініп берілді, аң аулаға арналған жолдама Орал қаласында орналасқан Турист, Рыболов, Охотник, Оружейнии двор және  кейбір Жанар-май бекеттерінде сатылады. Аңшылық маусымының ашылуында аңшылық шаруышылықтар субъектілерінен 700-ден астам жолдама сатылды.

 

Маусымның ашылуына байланысты Инспекция мамандарынан құралған 4 топ, 4-6 қыркүйек аралығында облысымыздың аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Іс-шара барысында аң аулау ережесін бұзған 7 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабы 1 тармағымен хаттама толтырылды.