"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
Батыс Қазақстан облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бақылауымен мониторинг және қорғау мақсатында Орал популяциясы киіктерінің тіршілік ету ортасы мен көші-қонында спутниктік қарғыбаулар орнату бойынша іс - шаралы жүргізілді

Ағымдағы жылдың 30 қырқүйегі мен 2 қазаны аралығында Қазақстан биоалуантүрлікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері, ҚР БҒМ Зоология институтының ғылыми қызметкерлері «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ң Алматы және Батыс аймақтық филиалының инспекторларымен бірлесіп, Батыс Қазақстан облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бақылауымен мониторинг және қорғау мақсатында Орал популяциясы киіктерінің тіршілік ету ортасы мен көші-қонында спутниктік қарғыбаулар орнату бойынша іс - шаралы жүргізілді. Көрсетілген кезеңде барлығы 6 спутниктік қарғыбаулар  орнатылды, оның ішінде Тасқала ауданы аумағында 2 бас  киік жануарына (1 бас аналық, 1 бас аталық) және Казталов ауданы аумағында 4 бас (1 бас аталық, 3 бас аналық). Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Қарғыбауларды орнату қысқы кезеңде киіктерді, олардың қоныс аудару жолдарын бақылау үшін   баға жетпес көмек көрсетеді және сапалы күзетуге көмек көмектеседі.