"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
Ағымдағы жылдың 01-31 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасы аумағында «Сайгак» кең ауқымды акциясы жүргізіледі

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің, ҚР Ішкі істер министрінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының бірлескен бұйрықты орындау барысында ағымдағы жылдың 25 қараша күні Инспекцияда «Охотзоопром ӨБ» РМҚК БАФ өкілдері, БҚО ПД ЖПҚБ қызметкері,  БҚО «Қансонар» және БҚО ҰҚК ШҚД қызметкерлерімен қатысуымен штаб отырысы ұйымдастырылды. Жыл басынан бастап облыс аумағында бірлескен жұмыстары нәтижесінде киік жануарын заңсыз ату және олардың бөліктерін заңсыз пайдаланғаны үшін 37 факті анықталды.

 

Ақжайық инспекция бөлімімен Бәйтерек ауданы бойынша Жайық өзенде қатып қалған жайылмаларда балық шабақтарын құтқару бойынша іс шаралар ұйымдастырылды. Жалпы тіршілк ету ортасына 1,5 мың. дана 30-70 гр. мөңке шабақтары жіберілді.