"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсан айына дейін Батыс Қазақстан облысы аумағында кең ауқымды «КИІК» табиғат қорғау акциясы өткізіледі

Акцияның басты мақсаты киік жануарларын заңсыз ату олардың дериваттарын заңсыз сақтау, өткізу, тасымалдау іс-әрекеттерін ізін кесу болып табылады. Осы орайда, құзырлы мемлекеттік органдармен яғни, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, Полиция департаментімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен, «Охотзоопром ӨБ» Батыс аумақтық филиалымен мобильдік топ құрылды.

 

Жыл басынан бастап киік жануарын заңсыз ату олардың дериваттарын заңсыз тасымалдау, сақтау бойынша 37 қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда сотпен 7 қылмыстық іс қаралып,9 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құқықбұзушылардан 2000 мыңнан астам киіктің мүйіздері тәркіленді.