"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция мемлекеттік инспекторлармен 2020 жылдың 14-19 желтоқсан күндері аралығында орман және жануарлар дүниесі саласында табиғат қорғау заңнамаларын сақтау бойынша рейдтік іс-ш

Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция мемлекеттік инспекторлармен 2020 жылдың  14-19 желтоқсан күндері аралығында орман және жануарлар дүниесі саласында табиғат қорғау заңнамаларын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Рейдтік іс-шаралар барысында аңшылармен қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын сақтау және аң алау мерзімдері туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау бекітілген аңшылық алқаптарда 5 қыркүйектен бастап, 31 желтоқсанға дейін – жабайы шошқаға және борсықтарға, 20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін – еліктерге, 2020 жылдың 1 қарашадан бастап 2021 жылдың 15 ақпанға дейін – қарсақтарға, түлкілерге және қояндарға аң аулау рұқсат етілгені жөнінде ескертеміз.

Жыл басынан бастап заңсыз аңшылық бойынша 47 факті тіркелді.Сотпен 8 қылмыстық іс қаралып, 8 адам бас бостандығынан айыру және шектеу жазаларымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.