"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
Жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты тұқымдыларды қорғау.

Жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты

тұқымдыларды қорғау.

 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 30.11.2020 жылғы № 27-5-6/220 "2020 жылдың жаңа жылдық кезеңінде қылқан жапырақты тұқымдылардың жас шыбықтарын қорғауды күшейту туралы" бұйрығын орындау мақсатында 2020 жылдың 1 - 31 желтоқсан айының аралығында өңірдегі орман алқаптарының аумағында қылқан жапырақты жас шыбықтарды заңсыз кесудің алдын алу мақсатында қылқан жапырақты екпелерге жақын жерлерде бекеттер орнатылып, тәілік бойы кезекшіліктер ұымдастырылуда.

Сондай-ақ, жаңа жыл алдындағы кезеңде БҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелердің орман күзеті қызметкерлерінің қатысуымен құрылған мобильді топтар күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 22 желтоқсанында инспекция қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің, өсімдік карантині жөніндегі Орал қалалық аумақтық инспекция өкілдерімен бірлесіп, Орал қаласының аумағында қылқан жапырақты жас шыбықтарды сату сауда нүктелерінде мониторинг жүргізді. Мониторинг жүргізу кезінде сатылып жатқан барлық жаңа жылдық "шыршалар" Ресей Федерациясынан әкелінгені анықталды.

Бақылау іс-шаралары барысында қылқан жапырақты тұқымдыларды заңсыз кесу және сату фактілері тіркелген жоқ, жоспарланған жұмыстар іске асырылуда.