"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
Қорғау жұмыстарына 4 инспекторлық топ, (27 адам) 11 техника (7 автокөлік, 4 камаз-кунг) жұмылдырылған

2021 жылдың 10-12 наурыз күндері аралығында Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы К.Кадешев және Облыстық «Орал өңірі» газетінің оңтүстік аудандардағы арнаулы тілшісі Н.Оразаев жойылып кету қаупі бар сирек кездесетін жануарлар түрлерін қорғау жұмыстарын бақылау мақсатында БҚО Жәнібек, Казталов, Бокейорда аудандары аумағында іссапарда болды. 

Жұмыс барысында Инспекция басшысы К.Кадешев және «Орал өңірі» газетінің тілшісі Н. Оразаев Батыс өңірлік филиалы РМҚК «Охотзоопром «ӨБ» инспекторларымен кездесті. Кездесу барысында киік мекен ететін ареалда жүргізіліп жатқан қорғау жұмыстарымен танысып шықты.

Қорғау жұмыстарына 4 инспекторлық  топ, (27 адам) 11 техника (7 автокөлік, 4 камаз-кунг) жұмылдырылған.

Қорғау жұмыстарының нәтижесінде 11.03.2021 жылы БӨФ РМҚК «Охотзоопром «ӨБ» инспекторлары Жәнібек АПб-нің қызметкерлерімен бірлесе отыра Жәнібек ауданында ҚР ҚК 339-1 1 б. бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жұмыс іссапары барысында «Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің қызметкерлерімен кездесіп, өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысты.

Жалпы Орал киік популяциясының өсімі байқалады. Іссапар барысында киіктің көп шоғырланған жерлері Бисен, Құрманғазы, Ақоба ауылдары аймағында кездесті.