"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
«Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры аумағында 2020 жылғы өрт қаупі бар маусымының қортындылары және 2021 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық жөнінде міндеттер»

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 27-5-6/28 бұйрығын орындау және алдағы өрт қаупі бар маусымына дайындық мақсатында Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен видеоконференция байланысы арқылы «Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры аумағында 2020 жылғы өрт қаупі бар маусымының қортындылары және 2021 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық жөнінде міндеттер» тақырыпты отырыс өткізді.

Отырыс барысында 2020 жылда жіберілген кемшіліктер және 2021 жылдың өрт қаупі бар маусымында ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 24.02.2021 жылғы № 27-5-6/28 бұйрығында көрсетірген шаралардың орындалуы мемлекеттік мекеме басшыларымен талқыланды.

Жүргізілген отырыстың қортынысында, мемлекеттік орман иеленушілеріне профилактикалық іс-шараларды күшейту, өрт сөндіру техника мен құралдардың сандары нормативтерге сай келтіру, барлық өрт шығу деректер бойынша РДҚ және Инспекцияға дер кезінде хабарлау ұсынылды.