"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
27-29 наурыз күндері аралығында БҚО Жаңақала ауданы «Жаңақала №1», «Жаңақала №2», «Факей», «Еділсор» аңшылық алқаптардың аумағында жануарлар дүниесі саласында табиғат қорғау заңнамаларын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторларымен 2021 жылы 27-29 наурыз күндері аралығында БҚО Жаңақала ауданы «Жаңақала №1», «Жаңақала №2», «Факей», «Еділсор» аңшылық алқаптардың аумағында жануарлар дүниесі саласында табиғат қорғау заңнамаларын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 35 аңшының атыс қаруына рұқсат беру құжаттары және аң аулауды жүргізу құқықтары тексерілді. Аң аулау ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 382 б. 1 т. бойынша 5 әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, аңшылармен атыс қаруын қауіпсіз қолдану ережелерін сақтау және аң аулау мерзімдері туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Көктемгі аңшылық маусымы аталық үйрекке алдамшы үйректің немесе тұлыптың пайдалануымен рұқсат етілгені жөнінде естеріңізге саламыз.