"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" рмм
0
2021 жылы 17 мамыр күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзагалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барасында Мағзум Мырзагалиев ғалымдармен, экологтармен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп Орал киік популяциясының мал шаруашылығына әсері мәселесін шешу жолдарын талқылады. 

Министр Мағзұм Мырзағалиев проблемаға бір жақты қарауға болмайтынын айтып, арнайы жұмыс тобының құрылғаны туралы хабардар етті.

«Мен сіздерге Президент тапсырмасы бойынша ғалымдармен бірге арнайы келіп отырмын. Екі жаққа да тиімді шешімдер қабылдау үшін Экология, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері мен халықаралық ұйымдар, институттар құрамына кіретін жұмыс тобын құрып отырмыз. Қысқа мерзімде зерттеулерді бітіруге тырысамыз»,- деді министр.

Мағзұм Мырзағалиев мәселенің шешімінің үш жолын атады.

«Біріншісі, жалпы ауданы 343040,1 га «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын, сондай-ақ жалпы ауданы 314505,1 га Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын құру. Бұл бойынша барлық негіздемелер дайын. Резерват құру арқылы жаңа жұмыс орындары да ашылады. Екіншісі, осы резерватта геологтардың араласуымен су көздерін анықтап, киіктерге жасанды суат дайындау. Ол тек киікке ғана емес, халыққа да пайдалы. Үшіншісі - киіктердің Орал популяциясының бір бөлігін Жайықтың оң жағалауын өткізу мәселесін қарастырамыз»,- деді ведомство басшысы.