Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ
0
Батыс Қазақстан облысының ормандарды молықтыру жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру.

Батыс Қазақстан облысының ормандарды молықтыру жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру.

 

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған "Мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызуға" қатысты міндеттерді орындау үшін облыстық бюджеттен алдын ала қаржылық шығындармен, 2021-2025 жылдарға арналған "Батыс Қазақстан облысында ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспары" әзірленді және бекітілді.

Кешенді жоспарға сәйкес, бес жыл ішінде облыстың мемлекеттік орман қорының 15096 га аумағында орман дақылдарын отырғызу жоспарланған

- 2021 ж. - 900 га, 3,47 млн. дана.

- 2022 ж. - 2225 га, 8,1 млн. дана.

- 2023 ж. - 3220 га, 11,8 млн. дана.

- 2024 ж. - 3957 га, 14,97 млн. дана.

- 2025 ж. - 4794 га, 18,2 млн. дана.

Сонымен қатар орман дақылдарын толықтырып егу жұмыстары 6581 га жоспарланып жалпы 56,57 млн.данадан астам әртүрлі ағаш-бұта тұқымдас көшеттер отырғызылатын болады.

Кешенді жоспарға сәйкес, 2022 жылдан бастап өңірде жыл сайын ағаш егу көлемдері мен екпелер сандары көбейіп 2 еседен астам ұлғайту жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы облыстың коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері 2021 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 900 га жерде ағаш егу жұмыстары жоспарланып қазіргі уақытт 840 жер көлемінде орындалды және 450 га жерде орман дақылдарын толықтырып егу жұмыстары жоспарланып 377 га орындалды, аталған іс-шараларды орындау барысында 3262,3 мың дана әртүрлі ағаш-бұта тұқымдыларының көшеттері отырғызылды.

Орман өсіру жұмыстары облыстың оңтүстік өңірлерінде жалғасуда.

Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары орман өсіру жұмыстарына мониторинг жүргізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шығуды ұйымдастырды, жүргізілген мониторинг нәтижелері газет беттерінде жарияланатын болады.

Кешенді жоспарды орындау мақсатында жыл сайын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орман питомниктерінде 20-дан астам ағаш-бұта түрлерінің тұқымдылары өсіріледі. Орман дақылдарын отырғызу көлемдерінің ұлғаюына байланысты 2 мемлекеттік мекемеде базалық тұрақты орман питомниктерінің егіс көлемдерін кеңейтіп, қалған мемлекеттік мекемелерде уақытша орман питомниктерінің алаңдарын ұлғайту жоспарланған.

Ағымдағы жылы орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 8 орман питомнигінде 18,5 га жерде 5568,7 мың дана екпе материалдары өсірілді. Орман питомниектері орман шаруашылық мекемелерді қажетті екпе материалдарымен және облыс елді мекендерді көгалдандыруға көшеттермен қамтамасыз етіп тұрады.

Екпе материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында облыстың мемлекеттік мекемелері жеке екпе материалдарының көлемін ұлғайту үшін жұмыстар жүргізуде, ағымдағы жылы жоспарлы 11350 кг орнына 11461 кг көлемінде тұқымдар жиналды. Орман питомниктерінде ағаш тұқымдарын егу жұмыстары жалғасуда.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен орман шаруашылық мекемелеріне 611 млн.теңге, оның 439,6 млн. теңгесі орман дақылдары мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін техника мен агрегаттар сатып алуға бөлінді. Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелер 150,6 млн.теңге сомасына техника мен агрегаттар сатып алды, сондай-ақ топырақты зерттеу жүргізу үшін 55,5 млн. теңге және орман шаруашылығы іс-шараларына 45 млн. теңге бөлінді.

Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызуға және бекітілген "БҚО-ның ормандарды молықтыру және орман өсірудің кешенді жоспарына" сәйкес іс-шараларды орындауға қатысты тапсырмасы облыс әкімінің ерекше бақылауында тұр.

#proofficegeologia