Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ
0
2021 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында кең ауқымды "АҚБӨКЕН" табиғатты қорғау акциясының екінші кезеңі басталады.

2021 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында кең ауқымды "АҚБӨКЕН" табиғатты қорғау акциясының екінші кезеңі басталады. Бұл акцияның басты мақсаты браконьерлікпен күресті күшейту, сондай-ақ киіктердің мүйізін тасымалдау, сақтау және заңсыз айналымының жолын кесу болып табылады. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 29 қарашасында ауыл шаруашылығы басқармасы ғимаратының мәжіліс залында "Охотзоопром ӨБ" РМҚК БАФ инспекторларының, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, полиция департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің және облыстық прокуратураның қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кездесуде аталған акцияны жүзеге асыру және барлық мүдделі органдардың бекітілген Өзара іс-қимыл жоспары талқыланды.

Жыл басынан бері киіктерді заңсыз атқаны және дериваттарды заңсыз аулағаны, тасымалдағаны және сақтағаны үшін 35 қылмыстық іс қозғалды. Сотпен 14 қылмыстық істі қаралып, 16 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері құқық бұзушылардан 2 723 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді